Дамуға жол: Өзбекстанда скутер, мотоцикл, трицикл шығаратын зауыт ашылды

Аталмыш өнімді шығару үшін АҚ «Узавтосаноат» пен «Lifan Group Co.Ltd» компаниясының арасында келісім жасалды. Келісім нәтижесінде екінші тарап Өзбекстанға құрастырушы бөлшектерді жеткізеді.
Жаңа зауыт 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Болашақта ол тағы 500 адамды жұмысқа тартпақ. 27 ақпан күні аталмыш зауыт велосипедтер шығаруды бастаған болатын. Бұл жобаны Өзбекстанның инвестициялық бағдарламасы бақылауға алып, демеушілік жасауда.