Алматы облысында картоп зауыты салынбақ
Нидерландыдан келген инвесторлар жылына қуаттылығы 70 мың тонналық картоп өңдейтін зауыт салмақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Астанада нидерландық Farm Frites компаниясының басшылығы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев, Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкен және «Аграрлық-несие корпорациясының» өкілдерімен кездесті.
Farm Frites компаниясы былтыр картоп сұрыптарын сынап, жобаны жүзеге асыруға арналған өңірді анықтаған. Жоба Алматы облысында жүзеге аспақ.

«Картоптың таңдаулы 11 сұрыпын өсіретін жылына қуаттылығы 70 мың тонналық орталық салу жоспарланып отыр. Зауыт құрылысын бастау 2019 жылдың сәуір айына жоспарланған. Жобаның жалпы құны – $165 млн», - деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігі берген хабарламада.Kazakh Invest компаниясы қазіргі таңда инвесторларға жер учаскесін алу туралы сұрақтарды шешу мақсатында көмек беріп жатыр.
Farm Frites компаниясы былтыр картоп сұрыптарын сынап, жобаны жүзеге асыруға арналған өңірді анықтаған. Жоба Алматы облысында жүзеге аспақ.
Baq.kz