Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Польшада мұнай мен газдың ірі кен орны табылды

Польшада мұнай мен газдың ірі кен орны табылды

Польша Балтық теңізіндегі жағалау маңынан тарихындағы ең ірі мұнай және газ кен орнын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті TVP 3 арнасына сілтеме жасап.

Central European Petroleum (CEP) компаниясының мәліметінше, Свиноуйсьце қаласынан 6 шақырым қашықтықта бұрғыланған ұңғымадан 22 миллион тонна шикі мұнай мен 5 миллиард текше метр табиғи газ қоры анықталған.

Жалпы бағалау бойынша, бұл кен орнында 33 млн тонна мұнай және 27 млрд текше метр газ бар. Оның ішінде өнеркәсіптік өндіруге жарамды көлемі – 22 млн тонна мұнай мен 5 млрд текше метр газ.

Польшаның бас геологы Кшиштоф Галош бұл жаңалықтың елдің энергетикалық қауіпсіздігіне оң әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа кен орны шетелдік энергия жеткізушілерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Алайда өндірісті бастамас бұрын геологиялық құжаттарды әзірлеп, бекіту қажет.

Айта кетейік, мамыр айында Сауд Арабиясы мен Кувейт те бейтарап аймақтан жаңа мұнай кен орнын тапқанын хабарлаған болатын.

Фото: baq.kz
22 шілде 2025 ж. 53 0