Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Австралияда 40 жылдағы рекордтық қар жауды

Австралияда 40 жылдағы рекордтық қар жауды

Австралияның шығысындағы бірқатар қалаларды демалыс күндері соңғы онжылдықтардағы ең қалың қар жауып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Осылайша, Жаңа Оңтүстік Уэльстің солтүстік аймақтарында 40 сантиметрге дейін жауын-шашын түсті, бұл 1980 жылдардың ортасынан бері рекордтық көрсеткіш болды.

Квинсленд штатының кейбір аудандарында соңғы он жылда алғаш рет қар жауды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кадрларда ел тұрғындарының қар ойнап, қар адамын жасап жатқанын көруге болады. Ерлердің бірі журналистке «өмірінде бұрын-соңды қар көрмегенін» айтты. Жаңа Оңтүстік Уэльстің кей жерлерінде бұрын-соңды болмаған қар жауып, қатты жаңбыр мен күн күркіреп, демалыс күндері 1455 оқиға орын алды, деп хабарлады жергілікті төтенше жағдайлар қызметі. 100-ден астам көлік қар құрсауында қалды, дауыл ғимараттарды зақымдады және бірнеше ірі су тасқыны туралы ескерту жасалды. Он мыңдаған үй жарықсыз қалды.

Фото: baq.kz
04 тамыз 2025 ж. 53 0