Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дели су астында қалды

Дели су астында қалды

Үндістан астанасы Делиде 20 жылда болмаған жауын жауып жатыр. Қаланың басым бөлігі су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ел билігі қауіптің «сары деңгейін» жариялады. Табиғат апаты салдарынан кемінде 2 тұрғын опат болды. 15-ке жуық ғимарат құлап, тас жолдардың талқаны шықты. Ағаш-талдар құлап, адамдар қозғала алмай, әуре-сарсаңға түсті. Делидің іскерлік және коммерциялық аудандарының бірі Коннот Плейс қатты зардап шекті.

Нөсер сенбіде басталып, тоғыз сағат ішінде 125 миллиметрден астам жауын-шашын жауды. Синоптиктердің болжамынша Үндістан астанасында қатты жаңбыр кем дегенде әлі 3 күнге созылады.
10 шілде 2023 ж. 250 0