Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда елді мекендер су астында қалды

Германияда елді мекендер су астында қалды

Германияның бірнеше өңірінде шелектеп жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан елді мекендер су астында қалған. Мәселен, Хаген қаласында жаяу адам тұрмақ, көліктердің жүруі қиындаған. Ал қаланың коммуналдық мекемелері жағдайды реттеп үлгерер емес. Дей тұрғанмен, шаһар көшелерін тазарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Мангеймде де дәл осындай жағдай. Көшелер көлге айналған.

Синоптиктердің айтуынша, толассыз жаңбыр бірқатар өңірде әлі де жалғасады.
Нөсер жауын кесірінен Бельгияның Льеж бен Намюр провинцияларында да тасқын жүрді. Топан су тас жолдарды шайып, көліктерді ағызып әкеткен. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Спа қаласында жарық сөніп, ондаған өңірлік жол жабылып қалған. Өйткені бір тәулікте аймаққа 100 миллиметр жауын түсіпті.

baq.kz
15 шілде 2021 ж. 390 0