Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Нөсер жаңбыр жауады: Алдағы демалыс күндері елімізде күн салқындайды

Нөсер жаңбыр жауады: Алдағы демалыс күндері елімізде күн салқындайды

Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, күн салқындайды. 8-10 маусым күндеріне ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді,

Терең әрі өте белсенді циклон, сонымен қатар онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр жаууына себеп болады. Ал шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. 
Алдағы үш тәулікте циклон және онымен байланысты фронттар шығысқа жылжып, салдарынан найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады деп күтіледі. Шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, күн салқындайды. 
Тек батыс өңірде 9-10 маусым күндері жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Синоптиктер мәліметінше,  күндіз ауа температурасы 28-33°С-қа дейін, кей жерлерде 35-38°С дейін ысиды.

http://stan.kz 

07 маусым 2019 ж. 973 0