
Ауа райының қолайсыздығы мен бұрқасын желдің соғуы салдарынан республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1356 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Арал қаласына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.Сонымен қатар, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соққан екпінді жел мен жауған қардың әсерінен бірнеше елді мекендер электр энергиясынан ажыратылды.
Орын алған жағдайға байланысты аудандық электр торабының авариялық-құтқару жасағы жұмылдырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, төтенше жағдай бөлімі мен коммуналдық сала қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасауда.