Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында сел жүріп, 270 үйді су басты

Алматы облысында сел жүріп, 270 үйді су басты

Алматы облысында сел жүріп, 270 үйді су басты, Телеарнаның мәліметінше, жауын-шашын салдарынан таудағы бөгет жарылып, Пенжім ауылының бір бөлігін су шайып кеткен.  Лай аралас су 30-дан аса баспананың ішіне кірсе, 270 ауласы батпаққа айналған. Қазіргі таңда тұрғындар тазалау жұмыстарымен айналысып жатыр. Телеарнаның мәліметінше, апаттан кейін ауылды қалыпқа келтіруге 200-ге жуық құтқарушы мен 37 техника жұмылдырылған. Барлығы үйлердің іші мен аулаларын тазалап жатыр. Жергілікті әкімдіктегілер жарылған бөгетті жөндеп қойып, жағдайды бақылап отырмыз деді. "Таулы аймаққа жауған нөсер жауын суы жиналған. Зардаптарды жою бойынша аудан әкімінің қаулысымен арнайы комиссия құрылған. Аулаларды тазалау, көшелерге шағылдарды төсеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Пенжім ауылдық аймағының әкімі Ерлан Оспанбаев. Зардап шеккен 270 отбасыға қандай да бір көмектің берілу-берілмеуі арнайы комиссиясының тексерісінен кейін ғана анықталатыны айтылады.
https://kaz.tengrinews.kz
05 маусым 2019 ж. 971 0