Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды

Қазір оларды іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Құтқару операциясына түні бойы жауған қатты нөсер кедергі болған. Ауруханаға жарақат алған 10-нан астам адам жеткізілді.
Жалпы Мумбайда жауын-шашын кезінде ғимараттардың опырылып түсуі жиі кездеседі. Мамандар құрылыстардың сапасыз салынғанын айтып отыр.