Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 23-қабаттан құлаған 6 жасар бала ғажайыптың күшімен аман қалды

23-қабаттан құлаған 6 жасар бала ғажайыптың күшімен аман қалды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өрт сөндірушілер 23-қабаттан құлаған баланы құтқарды.

Оқиға 20 мамыр күні болды. 6 жасар бала көршісінің пәтерінде 23-қабаттан құлап кетті. Үйде жөндеу жұмысы жүріп жатқан. Құрылысшылар екі балкон арасындағы бетон плитаны тақтайға ауыстырды. Бүлдіршін осы кезде балконнан құлап, вентиляциялық шахтаға түсті. 
Ер бала кондиционерге құлап аман қалды. Кондиционер соққыны жеңілдеткен. Құтқарушылар хабар аласымымен оқиға орнына келіп жетті. Балаға арнайы альпинистік қорғаныш кигізіп, жоғары көтеруге көмектесті. 
Шахтада болған құтқару операциясы 6 минутқа созылды. Бала ауруханаға жеткізілді. 6 жасар баланың қолы мен аяғы аздап жарақат алған.

http://stan.kz  

26 мамыр 2019 ж. 831 0