9-шы қабаттан құлаған ана мен бала ғажайыптың күшімен тірі қалды

Мәскеу облысының ішкі істер басқармасының айтуынша, жоғарғы қабаттан құлаған ана мен бала ауруханаға түскен. "Оқыс оқиға бейсенбі күні түстен кейін орын алған. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. Бұл жағдайға қатысты тексеріс басталды", - деп хабарлады полиция.
"Ана өзін де, баласын да өлтірмек ойы болмаған. Оның сөзінше, құлайтынның алдында "жын-шайтаннан" қашыпты", - дейді құзырлы орган өкілдері.