Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістан мен Жапонияда маймыл шешегі тіркелді

Үндістан мен Жапонияда маймыл шешегі тіркелді

Нью-Дели билігі Үндістан астанасында маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқастың анықталғанын мәлімдеді.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Батыс Делидің 31 жастағы тұрғыны үш күн бұрын аурудың белгілерімен ауруханаға түсті, сенбіде оның үлгілері Ұлттық вирусология институтына жіберілді, жексенбіде диагноз расталды. Үнді ауруханаларының бірінде (Nayak Jai Prakash Narayan Hospital) осы ауруды емдеу үшін арнайы изолятор ұйымдастырылды, – делінген ВАК-тың телеграм каналындағы хабарламада.

Сондай-ақ Жапония астанасында да маймыл шешегі тіркелді.

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, инфекция Еуропадан оралған 30 жастағы ер адамнан анықталған. Токио әкімшілігінің мәліметі бойынша науқас 15 шілдеде өзін жайсыз сезінген. Дене қызуы көтеріліп, бөртпелер шығып, басы ауырған.

Қазір науқас ауруханада жатыр.

baq.kz
27 шілде 2022 ж. 671 0