Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Францияда маймыл шешегінің таралуына қарсы алғашқы екпе жасалды

Францияда маймыл шешегінің таралуына қарсы алғашқы екпе жасалды

Науқас адамдармен байланыста болғандарға маймыл шешегінің таралуына қарсы алғашқы екпе жасалды. Жұма күні Парижде екі адамға вакцина салынды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Францияның жоғары денсаулық сақтау органы (HAS) маймыл шешегін жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған адамдарды вакциналауды ұсынды.
Екпе алғандардың бірі – 30 жастағы жергілікті тұрғын. Оның айтуынша, ол кейін жануарларда болатын шешек ауруы анықталған адаммен үш сағат бойы физикалық байланыста болған. Дәл осы жағдай Францияда бірінші болып тіркелді.
Соңғы мәлімет бойынша, Францияда маймыл шешегі ауруын жұқтырған барлығы жеті адам тіркелді.
Маймыл шешегі – адамдар арасында да таралуы мүмкін сирек кездесетін вирусты инфекция. Бұл әдетте жеңіл ауру және көп адам бірнеше апта ішінде жазылып шығады. Бірақ кейбіреулерде ауру асқынуы мүмкін. Маймыл шешегінің алғашқы белгісі ретінде безгек, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау және жүдеуді айтуға болады.
Көп жағдайда алдымен бетте пайда болып, кейіннен дененің басқа бөлігіне таралатын бөртпе туындауы ықтимал. Бөртпенің түрі өзгеріп, ол ақырында өздігінен түсетін қабыршаққа айналады.

baq.kz
29 мамыр 2022 ж. 920 0