Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда маймыл вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді

Қытайда маймыл вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді

Қытайда екі приматқа зерттеу жүргізген мал дәрігері маймыл В вирусынан қайтыс болды. Осылайша аспан асты елінде маймылдардың В вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Global Times-қа сілтеме жасап.

Қайтыс болған 53 жастағы мал дәрігері Пекин қаласының тумасы. Наурыз айының басында ол өзінің приматтарға арналған эксперименталды зерттеу жұмысының аясында өлген екі маймылдың денесін кескен. Бір айдан кейін одан жүрегі айну, құсу мен дене қызуы секілді белгілер байқалған. Дәрігер 27 мамырда қайтыс болған.
Зерттеулер ветеринардың маймылдардың В вирусын (BV) жұқтырғанын растады. Бұрын Қытайда бұл инфекциядан өлім немесе инфекцияның клиникалық айқын жағдайлары белгілі болған емес.
Ветеринардың туыстарын тексеру кезінде олардан атаулы вирустың белгілері анықталмаған.
1932 жылы белгіленген вирус маймылмен тікелей байланыста және дене секрецияларының алмасуында жұғады. Бұл вирустан қайтыс болу деңгейі - 70-тен 80 пайызға дейін. Қытайда қазірдің өзінде зертханалық макакаларды бақылауды күшейтуге сонымен бірге ветеринарларды қорғауға  шақыруда.
19 шілде 2021 ж. 390 0