Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кентуккиде су тасқынынан 25 адам көз жұмды

Кентуккиде су тасқынынан 25 адам көз жұмды

Жұмадан бастап штатта Кентукки тарихындағы ең қауіпті және жойқын су тасқыны байқалуда, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

«АҚШ-тың Кентукки штатында су тасқыны салдарынан кем дегенде 25 адам қаза тапты. Олардың арасында төрт бала бар», деді штат губернаторы Энди Бешир.

250-ге жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. Аймақтағы су тасқыны бұрын-соңды болмаған нөсер жаңбыр салдарынан туындады. Кейбір аудандарда күніне 20 см-ден астам жауын-шашын жауды.

Бірнеше сағат ішінде Уайтсбергтегі Кентукки өзенінің солтүстік айырындағы су деңгейі 6 м-ге дейін көтерілді, бұл алдыңғы рекордтан 4,5 м-ге жоғары. Бұған дейін құтқару қызметтері тасқын су жолдар мен көпірлерді шайып, үйлердің іргетастарын қиратқанын хабарлады.

Кентуккидің шығысындағы, Батыс Вирджиния мен Вирджиниядағы 31 мыңнан астам тұрғын таулы аудандардағы су тасқыны мен көшкінге байланысты электр жарығынсыз қалды. Ең көп зардап шеккен аудандарға сарбаздар жіберілді.
31 шілде 2022 ж. 708 0