Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқынынан 34 адам қаза тапты

Су тасқынынан 34 адам қаза тапты

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен селден 34 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Agencia Brasil ақпарат агенттігінің хабарлауынша, су тасқыны аймағы туралы соңғы ақпаратты Рио-де-Жанейро штатының таулы аймақтарында орналасқан Петрополис қаласының азаматтық қорғаныс қауымдастығы таратқан.

Құтқару топтары көшкін болған аймақтарда іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Билік қалада төтенше жағдай жариялап, медициналық топтар зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Петрополис муниципалитетінің хабарлауынша, жаңбырдан ең көп зардап шеккен Оффиджинадағы лай көшкінінен 80 тұрғын үй зақымданған.

Петрополь мэрі Рубенс Бомтемпо журналистерге жағдайдың өте ауыр екенін айтқан. Билік қоғамға көмектесу үшін бар күш-жігерін салуда.
17 ақпан 2022 ж. 939 0