Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-тың бірнеше штатында жойқын торнода ғимараттарды қиратып кетті

АҚШ-тың бірнеше штатында жойқын торнода ғимараттарды қиратып кетті

АҚШ-тың орталық штаттарында жойқын торнадо салдарынан Кентукки штатында кем дегенде 70 адам қаза тапқан, Иллинойсте опырылған қоймада ондаған адам қалды, ал Арканзастағы қарттар үйінде үйінді астында екі адам қаза болып, 20 адам зардап шекті, деп жазады Egemen.kz.

«Ел президенті Джо Байден ең қатты зардап шеккен аймақтарға шұғыл түрде көмек жіберуді бұйырды», деп хабарлады Ақ үйде өткен брифингте.

АҚШ Президенті Твиттердегі парақшасында «табиғи апат соққысынан жақындарынан айырылу – ең үлкен қасірет» екенін атап өтті.

«Бұл – штатымыздың тарихындағы ең жойқын торнадо. Зілзаланың салдарынан Грейс аймағында, басқа жерлерде не болып жатқанын көргендер оны сөзбен айтып жеткізе алмайды. Мұндай қиратуды ешқашан көрген емеспін. Өнеркәсіп ғимараттары құлаған, шатырлар ұшты, ағаштар тамырымен жұлынған, жүк көліктері ауада ұшып, жерге құлаған», деп мәлімдеді Кентукки штатының губернаторы Энди Бешир.

Бешир торнадо салдарынан зардап шеккендер саны күн соңында 100 адамға жетуі мүмкін екенін жасырмады.

Штатта төтенше жағдай режимі енгізілген. Торнода салдарын жою мақсатында Ұлттық гвардия бөлімшелері жұмыс атқаруда. Торнадо салдарынан ең қатты зардап шеккен Мэйфилд қаласының тұрғындары болған оқиғаны көптонналы бомбаның жарылуымен салыстырды.

Бүкіл қала электр жарығынсыз қалған.
12 желтоқсан 2021 ж. 588 0