Инновациялық рейтингте ілгеріледі
egemen.kz
Қазақстан Жаһандық инновациялық индексінде (ЖИИ) 8 сатыға көтерілді. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) биылғы бағалауында 139 мемлекеттің ғылыми-технологиялық даму деңгейі сараланған. Соның нәтижесінде еліміз 81-орыннан 73-орынға шықты. Бұл – кейінгі 10 жылдағы ең үздік нәтиже.

Рейтингтің өңірлік көрсеткішінде Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында 1-орында тұр. Ал Орталық және Оңтүстік Азиядағы 11 елдің ішінде 2-орынға жайғасты.
Табыс деңгейі орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орыннан көрінді. Ең жоғары өсім инновациялық нәтижелер бойынша тіркелді. Инновациялық нәтижелер субиндексінде (Innovation Outputs) Қазақстан бірден 11 сатыға көтеріліп, 84-орыннан 73-орынға шықты, ал инновациялық ресурстар субиндексінде (Innovation Inputs) 75-орыннан 73-орынға жақсарды.
ЖИИ биылғы нәтижелері Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдеріне арналған Индекстің алдын ала Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, еліміздің рейтингтегі позициясының жақсаруына ұлттық және халықаралық деңгейлерде жүргізілген жүйелі жұмыс ықпал еткен. Осы жыл ішінде Қазақстанның Женевадағы Тұрақты өкілдігі ЖИИ мәселелері бойынша ДЗМҰ-мен тікелей өзара іс-қимыл орнатып, нақты индикаторларға, оларды есептеу әдістемесіне, деректердің сапасына басымдық берді.
Атқарылған жұмыс Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы өзара іс-қимылды рейтингті жыл сайын бақылаумен шектелмей, нақты көрсеткіштерді, дереккөздер мен мемлекеттік саясат аясындағы қажетті шараларды талдауға бағытталған мазмұнды жұмыс форматына көшіруге жол ашты.
Қол жеткізілген ілгерілеуге қарамастан, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа жұмсалатын шығыс, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылы, венчурлік қаржыландыру, инновациялық кластерлерді дамыту, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық жарияланымдар бағыттарында одан әрі өсу әлеуеті сақталып отыр. аясында ұсынылған.