Иесі көлігін ыстықтан қорғау үшін сиырдың тезегімен сырлап тастады

Үндістанда ауыл тұрғындары үйінің қабырғасын сиырдың тезегімен сырлайды. Ол жазда ыстықтан, қыста суықтан қорғайды.
Соңғы кездері Үндістанда ауа температурасы 40 градус ыстықты көрсетуде. Билік өкілдері тұрғындарға күндізгі уақытта көшеге шықпауға кеңес береді. Сағат 10:30 мен 15:00 аралығындағы күннің аптап ыстығы денсаулыққа зиян тигізеді.