Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік жүргізушілері аптап ыстықта ұмытпауы тиіс 6 ереже

Көлік жүргізушілері аптап ыстықта ұмытпауы тиіс 6 ереже

Күннің аптап ыстығында көлік жүргізу оңай емес. Автокөлікте салқындатқыш (кондиционер) болмаса, тіпті қиын. Сондай-ақ, аптап ыстық адамды ұйқыға да шақырады. Сол үшін көлік жүргізушілері есте тұтатын 6 ережені ұсынғалы отырмыз.
1. Ыстық күнде көлікті автотұраққа қойғанда, көлеңкеге немесе күн сәулесі аз түсетін жерге қойыңыз.
2. Аз уақытқа тоқтасаңыз да, көлігіңіздің ішін желдетіп алыңыз.
3. Көлікпен қажетті дәрі-дәрмектерді міндетті түрде алып жүріңіз. Сондай-ақ ішетін суды да ұмытпаңыз.
4. Ыстықтан өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, жылдамдықты төмендетіңіз немесе жол жиегіне тоқтаңыз.
5. Жылдамдықты қатты асырмаңыз, алда келе жатқан көлікпен арақашықтықты сақтай біліңіз.
6. Ыстық күнде жоғары жылдамдықпен келе жатсаңыз, тежегішті ақырын басыңыз. Жылдам басатын болсаңыз, ыстық асфальт көлігіңіздің өртеніп кетуіне себепші болуы да мүмкін.
Дереккөз: massaget.kz
03 мамыр 2019 ж. 1 364 0