Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық, нөсер жаңбыр, дауыл: 5 облыста дабылды ескерту жарияланды

Аптап ыстық, нөсер жаңбыр, дауыл: 5 облыста дабылды ескерту жарияланды

Кейбір облыста қатты ыстық болады, ал басқа өңірде нөсер жаңбыр жауып, дауыл тұрады.Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik
Қостанай облысында кей жерлерде ертең найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. 
Түркістан облысында күндіз оңтүстік батыстан күші 15-20 м/с жел соғып, 41°С қатты ыстық болады. 
Қызылорда облысында 10-11 тамызда дауыл, бұршақ, солтүстік, солтүстік-шығыстан екпіні 25 м/с жел соғады. 10-12 тамызда Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнайды. 10 тамыз күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42°С қатты ыстық сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында ертең солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыржауады, кей жерлерде найзағай, дауыл болады. Күндіз кей жерде бұршақ жаууы мүмкін. 
Петропавл қаласында 10 тамызда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді, найзағай, дауыл болады. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. 
Шығыс Қазақстан облысында ертең 30-35 градус ыстық болады, кей жерде найзағай жарқылдайды, оңтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с жел соғады.
sputniknews.kz
10 тамыз 2018 ж. 1 595 0