Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 жастағы қыздай: 50-дегі актриса жас көрінуінің құпиясын ашты

20 жастағы қыздай: 50-дегі актриса жас көрінуінің құпиясын ашты

Тайваньдық Стефани Сяо телевидение саласындағы мансабын 1989 жылы бастаған. Арада 30 жыл өткеннен кейін ол Азиядағы ең табысты актрисалардың бірі ретінде мойындалды. Осы уақыт ішінде оның сырт келбеті де өзгермеген.

Тайваньдық акриса өзінің сырт келбетімен желі қолданушыларын қайран қалдырды. Желі қолданушылары оның 30 жылдан бері көгілдір экраннан көрініп келе жатса да, түрі 20-дан асқан қыздай көрінетінін айтуда,
Стефани 1968 жылы Синьбэй қаласында дүниеге келген. Ол 1989 жылы романтикалық комедияда рөл сомдап, артынша бүкіл Азияға танымал болды. ОныТайваньнің ең сұлу әйелі деп те бірнеше рет атады. Сонымен қатар ол – қытайлық Weibo әлеуметтік желісінің жұлдызы. Онда Стефаниге 344 мыңнан аса адам жазылған. 

Актрисаның сөзінше, өзінің жүрегі жас қыздікіндей. Мұның бәрі он жыл бойы йогамен айналысқанымның арқасында, дейді ол. 
Сондай-ақ, актриса жүзуді жақсы көреді және үйінде бөлме өсімдіктері, үй жануарлары көп. 

Стефанидің пікірінше, өзінің жас көрінуінің құпиясы – ет жемеуінде.

http://stan.kz  

28 мамыр 2019 ж. 899 0