Facebook қолданушыларының қоңыраулары мен SMS-хабарламалары бақыланады

МакКей аталған әлеуметтік желідегі өзінің ақпараттарын зерттеген. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Facebook мұрағатында оның телефонында сақталған адамдардың тізімі және жазылған хабарламалар мен қоңыраулар сақталып қалған. МакКей бұл ақпаратты Twitter парақшасында бөлісті.
Ол мұрағатта кіммен неше минут сөйлескенің және хабарламаны қай уақытта жібергенің туралы мәліметтердің сақталып қалатынына қайран қалды. Кейін Facebook мұрағаты туралы ақпаратты әлеуметтік желінің басқа да қолданушылары тексеріп көріп, оның сөзінің жаны бар екендігіне көз жеткізді.
Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай мәселе Android-смартфондардың көбінде кездесетіні туралы пікір қалдырды.