Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда оқушы төмен баға алғаны үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Оралда оқушы төмен баға алғаны үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Әлеуметтік желілерде төртінші сынып оқитын оралдық қыздың төмен баға алғаны үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты логопед Яфурай Төленова Facebook-тегі парақшасына жазды. Ол өзінің парақшасындағы жазбасы арқылы ата-аналарды балаларына тым қатал, тым талапшыл болмауға шақырып, мектепте төмен баға алғаны үшін балаға ұрсуға болмайтынын айтты.
«Қымбатты ата-аналар! Балаларыңызға төмен баға мен төмен балл үшін алғаны үшін ұрыспаңыздар. Бүгін Оралдағы мектептердің бірінше төртінші сынып оқушысы тесттен төмен балл алғаны үшін шатырдан секіріп кете жаздады. Оның анасы мектепке шақырылып, психологпен жұмыс істеліп жатыр. Балаларыңызға бәрін түзетуге болатынын түсіндіріңіз», - деп жазды Төленова.
Бұл жағдай туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.


18 наурыз 2018 ж. 1 214 0