Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ливияның астанасынан 90 мың тұрғын босып кеткен

Ливияның астанасынан 90 мың тұрғын босып кеткен

Генерал Халифа Хафтар әскері Триполи қаласын шабуылдаған кезден бері шаһарды 90 мыңнан астам тұрғын тастап кеткен. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының өкілі Фархан Хак мәлімдеді, — деп жазады 24.kz. Оның айтуынша, соңғы 1 аптада қаладан қашып шыққан адамдардың саны 8 мыңға жеткен. Олардың жартысы балалар. Гуманитарлық ұйымдар босқындарға азық-түлік және өзге заттармен көмектесуде. Қазірге дейін 47 мыңға жуық адамға қолдау көрсетілген. Айта кетейік, сәуірдің бас кезінде генерал Хафтар Триполи қаласындағы Фаиз Сарадж үкіметіне қарсы жорықты бастаған. Шаһар үшін шайқас әлі жүріп жатыр. Ресми дерек бойынша осы уақытқа дейін қақтығыстан 450 адам қаза тауып, 2 мыңнан астамы жарақат алған.
https://arhar.kz

03 маусым 2019 ж. 564 0