Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі көпбалалы аналар мен зейнеткер әйелдердің саны белгілі болды

Еліміздегі көпбалалы аналар мен зейнеткер әйелдердің саны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халықаралық әйелдер күні қарсаңында қызықты статистикалық көрсеткіштерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Корпорация баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы 8 наурыздан бүгінге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам әйел адам жүгінген.
«Азаматтарға арналған үкімет» халыққа 620-дан астам қызмет көрсетеді. Күн сайын фронт-офистерге Қазақстан бойынша жүз мыңнан астам адам жүгінеді. Оның жартысынан көбі әйелдер. Мысалы, аталған мерзім ішінде берілген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екі миллионнан астамы қыз-келіншектерге тиесілі.
Автокөліктерге қатысты құжаттар жөніндегі көрсеткіштерге келсек, мамандандырылған ХҚО арқылы берілген жүргізуші куәлігінің 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы әйел азаматтардың еншісінде. Ал 337 мыңға жуық нәзік жанды көлік меншіктеген құжат алған.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда елімізде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Сондай-ақ 303 508 ана бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818  әйел адам зейнетақы алып отыр.
07 наурыз 2018 ж. 1 448 0