Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш метрлік қолтырауын үйдің терезесін шағып, кіріп кеткен

Үш метрлік қолтырауын үйдің терезесін шағып, кіріп кеткен

АҚШ-тың Клируотер қаласында 3 метрлік қолтырауын тұрғын үйге кіріп кетті.

Қолтырауын түн ортасында адамдар ұйықтап жатқан кезде асүйдің терезесін шағып кіріген. Оны үй иелері тауып алған кезде, қолтырауын үстел мен орындықтарды құлатып үлгеріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CBS News басылымына сілтеме жасап. 
Отағасы түнде тамақ жегісі келіп асүйге барған кезде қолтырауынды көрген екен. Шошып кеткен ол бірден полицияға хабарласыпты. Оқиа орнына келген маман қолтырауынды ұстап алды.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 
Мамыр айында Флоридадағы қолтырауындарда шағылысу маусымы басталады. Ол маусым айында да жалғасады. Мұнан кейін қолтырауын ұя сала бастайды. Бұл кезеңде олар белсенді болатындықтан, адамдардың көзіне жиі түседі.
03 маусым 2019 ж. 1 097 0