Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанармай құю бекетіне тоқтаған ер адам миллионер атанды

Жанармай құю бекетіне тоқтаған ер адам миллионер атанды

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Солсбери қаласының тұрғыны жанармай құю бекетінде екі рет лотерея ойнап, қомақты қаражат ұтты. Бұл туралы UPI ақпараттық порталы хабарлады.  Тайлер Вагонер жанармай құю бекетінде бес долларлық лотерея билетін сатып алып, 25 доллар ұтқан. Сосын ол тағы бір билет сатып алып, бағын сынап көрген.  "Менің көзіме осы билет ілінгенде, шығып бара жатқан едім, - дейді америкалық. - Ол алтыншы бөлімде жатты. Бұл менің баыт алып келетін саным. Неге көрмеске деп ойладым?". Вагонер лотерея билетін тексеріп көрген уақытта, бір миллион доллар ұтып алғанын білген. Оның айтуынша, әкесі екеуі лотереядан қомақты қаражат ұтып алсақ деп армандайтындарын, әзілдейтіндерін айтатын болған. Сол себепті әкесі тек оның билетпен түскен селфинінен кейін ғана сенген.  Жолы болған америкалық ұтысты әкесін бағуға жұмсайтынын айтады.

13 маусым 2019 ж. 877 0