Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Сыйақысына казиноға барып, лотерея билетін алған ер адам бір күнде байып кетті

Сыйақысына казиноға барып, лотерея билетін алған ер адам бір күнде байып кетті

АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны сыйақысын лотерея билетіне жұмсап және казиноға барып, екі рет джекпот ұтып алды,

48 жастағы ер адам жексенбі күндері де жұмыс істегені үшін шағын ақшалай сыйақы алған. Бірақ, ол бұл қаражатты басқа қажеттіліктерге жұмсамай, әйелімен бірге казиноға баруды ұйғарады. Сонда олар казиноға барар жолда лотерея билеттерін сатып алып, лотерея ойнамақшы болады.
Сөйтіп, казиноға барған ерлі-зайыптының жолы болып, олар 300 АҚШ долларын ұтып алады. Кейінірек, ер адам лотерея нәтижелерін тексеріп, бақытты билеттің арқасында 113 403 000 теңге олжаға кенелді.
Осылайша, ол сыйықысына сатып алған лоторея билетімен жүлделі болып, бір күнде байып кетті. Енді, ол бұл ақшаға үйдің қарызын төлеп, көлік сатып алмақ.
http://stan.kz
24 мамыр 2019 ж. 88 0