Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда адамның көңіл-күйін көтеретін құрылғы жасалды

Жапонияда адамның көңіл-күйін көтеретін құрылғы жасалды

Жапонияның "Japan Display" компаниясы адамның көңіл-күйін басқара алатын құрылғы жасап шығарды. Күйтабақ құрылғысына ұқсайтын девайстан бір уақытта ән тыңдап, дөңгелек дисплей арқылы сурет қарауға болады. Керек десеңіз, сурет пен орындалған әнге қатысты иіс те шығара алады екен. Құрылғының сыртқы корпусы ағаштан жасалған. Девайстың бірнеше жерде арнайы түтікшелері бар. Бұл тесіктер иіс шығаруға арналған.Multi Sensory Device XVG-01 деп аталатын құрылғы маусымның 11-12 аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтетін CES Asia 2019 көрмесінде көпшілікке таныстырылады. Құрастырушылардың айтуынша, бұл құрылғы ғимарат ішінде отыратын адамдардың көңіл-күйін көтеруге көмектеседі. XVG-01 2019 жылдың соңында Жапонияда қолданысқа енеді деп жоспарланған. Ал сырт мемлекеттерге қашан экспортталатыны әлі белгіленген жоқ.

14 маусым 2019 ж. 767 0