Қазақстанда тұңғыш рет жамбас бұлшықеттерін емдеуге арналған құрылғы іске қосылды

Құрылғы қандай ауру түрлерін емдей алады? Ерлерде: • Созылмалы жамбас ауруы; • Уақыттан бұрынғы эякуляция; • Эректильді дисфункция (белсіздік); • Жалпы простатэктомия операциясынан кейінгі оңалту. Әйелдерде: • Зәр ұсталмауы; • Әйелдердің жыныстық дисфункциясы; • Аноргазмия; • Гинекологиялық дерттерде (созылмалы эндометрит, жатырішілік синехиялар, жүктілік кезіндегі қиындықтар, жатырдың гипоплазиясы, сәтсіз ЭКҰ (ЭКО), операциядан кейінгі жамбас астауындағы спайкалық асқынулар).
Сондай-ақ, Авантрон аппаратының балаларға да пайдасы зор. Балалардың өздігінен отыра алатын 3-4 жасынан бастап іш қату, зәр ұсталмауы (энурез), үлкен дәреттің ұсталмауы (энкопрез) секілді түрлі жамбас аурулары дер кезінде емдейтін таптырмас аппарат. Алғаш рет экстракорпоральді магниттік ширықтыру аппараты АҚШ-та пайда болған. Қазіргі таңда әлемнің 47 мемлекеті бұл аппаратты қолданысқа енгізді. Еліміз бойынша бұл аппарат тек Б.О Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында ғана бар. 3 миллионнан астам науқас бұл аппараттың жоғары тиімділігімен қоса қауіпсіз әрі ауырсынусыз жүзеге асатынына емнің нәтижесінде көз жеткізді.