Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауд Арабиясы ханшайымы сантехникке зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды

Сауд Арабиясы ханшайымы сантехникке зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды


Бұл оқиға 2016 жылы Францияда болған. Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары бірнеше сағат бойы сантехникті ұрып-соғып, тізерлеп отырғызып, ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлеген. Ханшайым Хасса бинт Салманның айтуынша, ер адам оны және Париждегі пәтерін рұқсатсыз ұялы телефонына түсірген. Ал мемлекеттік айыптаушылар ханшайымның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады. Сол себепті прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл салуды талап етіп отыр. Ал ханшайымның оққағарын шартты түрде сегіз айға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл талап етілгені айтылады.
https://kaz.tengrinews.kz

10 шілде 2019 ж. 861 0