Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында бойжеткенге жала жауып, айыппұл салған полиция қызметкері сотталды

Қызылорда облысында бойжеткенге жала жауып, айыппұл салған полиция қызметкері сотталды

Қызылордада жергілікті полицияның бұрынғы лейтенанты жазықсыз жанға жала жапқаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. Құқық қорғау органында қызмет еткен полицейге дәлелдемелерді қолдан жасады деген айып тағылды.

Бұл туралы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Полиция қызметкеріне тағылған айып толықтай дәлелденді. Айыпталушы бойжеткенге көлікті мас күйінде жүргізді деп айыппұл салған. Тіпті, ол жәбірленушіні заңсыз түрде наркодиспансерге апарып, тексеруден өтуге мәжбүрлеген. Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері сонымен қатар көлікті бірнеше метр жерге дейін заңсыз жүргізіп, бойжеткеннің үстінен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағымданған. Білгілі болғандай жәбірленуші есік алдындағы көлікте құрбысымен әңгімелесіп отырған екен. Сот құжаттарды сараптай келе бойжеткеннің ешқандай кінәсі жоқ екеніне көз жеткізді»,- деп хабарлады Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.
Сондай-ақ, облыстық прокуратура жұмысына салғырттық жасаған полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдады. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім бойынша сотталушы тұрғылықты жерінде арнайы бақылау орындарының назарында болады.
23 сәуір 2018 ж. 1 191 0