Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Лотереядан 470 млн теңгеден аса ақша ұтқан әйел туфли сатып алып, ауруханадағы жұмысын жалғастырған

Лотереядан 470 млн теңгеден аса ақша ұтқан әйел туфли сатып алып, ауруханадағы жұмысын жалғастырған

Ұлыбританияда лотереядан қомақты қаржы ұтып алған әйел өмірінің айтарлықтай өзгермегенін айтты.

Рут Брин 2014 жылы лотереядан 1 миллион фунт (479 млн теңгеден аса) ұтып алған. Сол кезде ол 35 жаста болған екен. Әйел телефонына келген ұтыс туралы хабарламаны ашып оқығанда, қатты қуанғанын айтады. 
Брин ұтыстан иеленген ақшаға, бірінші кезекте, жаңа киім мен аяқ киім сатып алыпты. Ол Jimmy Choo брендінің қымбат туфлиін көптен бері армандап жүрген екен. Сондықтан арманы орындалған кезде, қуанышында шек болмаған. 
Мұнан кейін әйел 11 жастағы қызын жекеменшік мектепке беріп, ауруханадағы акушерлік жұмысының уақытын аздап қысқартқан. Алайда ол жұмыстан шығу туралы ойламапты. 
«Иә, миллион дегенің – үлкен сома. Алайда 35 жаста зейнетке шығу үшін, бұл ақша жеткіліксіз», - дейді Брин.
Сонымен қатар ол әлі күнге дейін лотерея билеттерін сатып алып, тағы да үлкен ұтысқа кенелетінінен үміттенеді.

https://stan.kz  

11 шілде 2019 ж. 944 0