Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вариаторы бар Lada XRAY Cross қанша тұрады

Вариаторы бар Lada XRAY Cross қанша тұрады

АВТОВАЗ Jatco деп аталатын сатысыз трансмиссиясы мен Renault — Nissan альянсына тиесілі 113 аттың күшіне ие 1.6 литрлік моторы бар Lada XRAY Cross-тың бағасын жария етті. Базалық Classic үшін 841 900 рубль сұралса, көліктің үздік Luxe Prestige жиынтығындағы нұсқасы 966 900 рубльге бағаланып отыр. Вариатор үшін 50 мен 53 мың рубль аралығында үстеме баға қосылады.
Темір тұлпардың Қазақстанға қашан келетіні белгісіз, бірақ біз оның шамамен қаншаға сатылатынын болжай аламыз. Ел нарығында Lada XRAY Cross үлгісі Comfort және Luxe Prestige жиынтықтарында қолжетімді. Бұл көліктер Қазақстанда 5.3 және 5.9 млн теңгеге сатылуда. Өндірушінің вариаторды 300 мың теңге көлемінде бағалағанын ескерсек, сатысыз қорапқа ие XRAY сәйкесінше, 5.6 және 6.2 млн теңге тұруы мүмкін.
qaz.kolesa.kz​​​
25 шілде 2019 ж. 990 0