Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарапшылар: Біраз жылдан кейін доллар бағамы 364 теңгеге дейін төмендейді

Сарапшылар: Біраз жылдан кейін доллар бағамы 364 теңгеге дейін төмендейді

Ұлттық валюта алдағы 4 жылдан кейін айтарлықтай нығаюы мүмкін. «Делойт» зерттеу орталығының мамандары осылай дейді

Сарапшылардың пікірінше, биылғы жылы ресейлік рубльге шаққандағы теңге бағамы 5 теңге 63 тиын белгісінде сақталады. Алайда алдағы 3 жылда аздаған ауытқулар болуы мүмкін. Ал 2023 жылы ұлттық валюта бағамы бір рубль үшін 5,5 теңге мәніне оралуы ықтимал. 
Ал еуропалық валюта, керісінше, бір жылдан кейін айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Сарапшылардың 2022 жылға болжамы – 460, 50 теңге. 
Ал долларға қатысты жағдай басқаша. Сарапшылар келесі жылы 1 доллар бағамы 385 теңгені құрайтынын айтса, 4 жылдан кейін бұл көрсеткіш 364 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін.
https://stan.kz
25 маусым 2019 ж. 783 0