Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » KASE: Доллар бағамы үш күннен бері төмендеп жатыр

KASE: Доллар бағамы үш күннен бері төмендеп жатыр

ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұмакүні өткен сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 378,77 теңгені құрадыБейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,22 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 378,5 теңге, ал ең жоғарысы 379,1 теңге болды. Сауда көлемі 124,35 млн долларға жетті. Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 378,99 теңгені, күндізгі сессияда 378,89 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 378,94 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 113,879 млн доллар. Еске салайық, KASE-де сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 0,12 теңгеге -  379,55 теңгеден 379, 43 теңгеге дейін төмендеді. Ал, бейсенбі күні тағы 0,44 теңгеге - 378,99 теңгеге дейін түсті.
17 мамыр 2019 ж. 1 015 0