Адам ата мен Нұх пайғамбар жерленген әлемдегі ең көне, ең үлкен мұсылмандар мазары (фото+видео)

1400 жылдан асса да. Аталмыш зираттың аумағы 600 гектардан асып кетеді.
Мұнда пайғамбарлардың көбісі, ғалымдар мен кезінде ел билегендердің мүрдесі жатыр.
Адам ата мен Нұх алайхиассаламның бейіті де осында.
Төртінші халифа Әли (р.а.) бейіті де осында. Сондай-ақ, ауған, үнді, араб, пәкістандық, т.б. марқұмдардың мәйіті де осында.
Бұл мазарда бес млн-нан аса адам жерленген.
Тығыздығы соншалық, бір адамның қабірі шамамен бір шаршы метр аумақта орналасқан. Кей тұсында соқпақ бар. Бейіттің көбісі күйдірілген кірпіштен соғылған.
2010 жылы бұл мазар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне еніп, Наджаф қаласы 2012 жылы ислам мәдениетінің астанасы ретінде жарияланды.