Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам Ата мен Нұх пайғамбар жерленген әлемдегі ең үлкен зират – Вади ас-Салам (фото, видео)

Адам Ата мен Нұх пайғамбар жерленген әлемдегі ең үлкен зират – Вади ас-Салам (фото, видео)

Адам Ата мен Нұх пайғамбар жерленген әлемдегі ең үлкен зират – Вади ас-Салам  (фото, видео)

Ирактың оңтүстігіндегі Наджаф қаласындағы әлемдегі ең үлкен әрі көне мұсылман зираты орналасқан. Вади ас-Салам (Әлем алқабы) деп аталатын ол зиратта 1400 жылдан бері мұсылмандарды жерлеп келеді. Жалпы аумағы 600 гектарды құрайды.
Деректерге сәйкес, онда пайғамбарлар, ғалымдар мен патшалар жерленген. Адам ата мен Нұх пайғамбардың да қабірі Наджафта деседі.
Әлем алқабыⒸislamosfera.ru

Сонымен қоса, Әлем алқабында тек пайғамбарлар мен ғалымдардан өзге, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Кувейт, Ливан, Пәкістан елдерінің қарапайым мұсылмандары да жерленген.
Қазіргі уақытта зиратта әлемнің түрлі аумағынан 5 миллионға жуық мұсылманның қабірі бар екен. Қабірлер бір-бірімен тығыз орналасқан, әр мұсылманға бір шаршы метрден келеді. Мұндай тығыздыққа қарамастан, әр қабірдің арасында адам жүретін жолдар да бар.
Әлем алқабыⒸislamosfera.ru

Қабір тастары күйдірілген кірпіштен немесе гипстен жасалған. Отбасылық қабірлер де кездеседі. Отбасылық қабірлер әсіресе XX ғасырдың 30-40 жылдарына тән.
Әлем алқабыⒸislamosfera.ru

2010 жылдың орта тұсында Әлем алқабы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра ескерткіштері тізіміне енгізілді. Ал 2012 жылы Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымы нұсқасына сәйкес, Наджаф қаласы ислам мәдениетінің астанасы аталды.

Ұсынған: Гүлім Жақан
www.qamshy.kz
01 сәуір 2019 ж. 2 937 0