Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕЙТІН  МӘЛІМЕТТЕР

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕЙТІН  МӘЛІМЕТТЕР

Бүгінде ағылшын тілі "әлемдік тіл" мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді. Олардың басым бөлігі Ұлыбритания, АҚШ, Ирландия, Канада, Мальта, Аустралия, Жаңа Зеландия елдерінің тұрғындары екен. Ағылшын тілі тіпті, Азия және Африканың кейбір елдерінде ресми тіл саналады. Бұл тілде сөйлейтін адамдарды "англофандар" деп атау дәстүрі қалыптасқан.
Ал енді ағылшын тілі туралы сіз білмейтін қызықты мәліметтерді оқыңыздар:
Біздің қоғамда ағылшын тілінің мерейі үстем болғанымен, әлемде танымалдылығы бойынша үшінші орынды иемденіп отыр. Бірінші орында – қытай тілі, екінші орында – испан тілі. Ағылшын тілі сөздік қоры ең көп тіл саналады. Тілде 800 000-нан астам сөз бар. Және синоним сөздер қатары да көп. Америка президенті Бенджамин Франклин «мас» (ағыл. drunk) сөзінің 200-ге жуық синонимін тапқан екен. Енді, өзіңіз ойлай беріңіз. Мұның тиімділігі – керек сөзді еске түсіре алмаған жағдайда, басқа сөзбен оп-оңай алмастыра аласыз.
  • Ағылшын тіліндегі тыныс белгілер XV ғасырда пайда болған.
  • Ағылшын тілінің ең кәрі сөздері 14 000 жасқа жеткен. Бұл сөздердің қатарына apple (apal), bad (bad), gold (gold) сөздерін жатқыза аламыз.
  • Ағылшын тіліндегі ең қысқа сөйлем үш әріптен тұрады (I am/I do), ал егер I am-ді I´m-ға қысқартса, онда тіпті екі әріптен тұрады.
  • Ағылшын тіліндегі ең ұзын сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis. Бұл тыныс жолы ауруының атауы.
  • «Set» сөзі мағынасы ең көп сөз болып табылады: етістік ретінде 44 мағынасы, зат есім ретінде 17 мағынасы, сын есім ретінде 7 мағынасы және т.б. қосымшалар ретінде жиі пайдаланылады.
  • Ағылшын тіліндегі ең кең таралған әріптер: R, S, T, L, N, E. Ал Q - ең сирек қолданылады. Яғни, сөз арасында өте сирек кездеседі.
  • Ағылшын тіліндегі ең көне сөздердің бірі - town (қалашық).
  • Goodbye - қоштасу сөзі бір кездері «God be with ye» деп толық айтылатын болған. Көне ағылшын тілінде ол «Құдай жар болсын!» деген мағынаны береді.
  • Slave (құл) ағылшын сөзінің славяндарға қатысы бар: ежелде неміс тайпалары славян өкілдерін римдіктерге құл ретінде сатқан.
  • Ағылшын тіліндегі month, orange, silver, purple - осы 4 сөзге ғана ұйқас табу қиын екен. Кейбір ақындар ізденістерінің арқасында orange сөзін courage, porridge, arrange және т.б. ұқсас сөздермен үйлестіріп көрген екен, бірақ мағынасы жағынан бұл қисынсыз болып шыққан.
  • «The sixth sick sheik‘s sixth sheep‘s sick» жаңылтпашы ағылшын тіліндегі ең қиын жаңылтпаш болып саналады. Тіл сындырғыңыз келсе, осы сөзді қайталаңыз.
Indivisibility сөзінде I әрпі 6 рет қайталанады.
  • Ал Goddessship сөзінде 3 қана дауысты дыбыс бар. Немесе rhythm сөзі - 1 ғана дауысты дыбысы бар ең ұзын сөйлем.
  • «The quick brown fox jumps over the lazy dog» сөйлемінің ерекшелігі сол, ағылшын әліппесіндегі барлық әріп кездеседі.
  • «і» әрпінің үстіндегі нүкте «TITTLE» яғни, тамшы деп аталады.
  • & нышаны бір кездері ағылшын тілінің әліпбиінде болған екен. Ал қазір таңбаға «амперсэнд» деген атау берілген.
  • Ағылшын тілінде құрлық атаулары басталған әрпімен аяқталады.
  • Айда айтылған алғашқы сөз: «ОК». Қазір бұл сөзді айтып көрмеген адам кемде-кем.
Білесіз бе, оқиғаны ағылшын тілінде баяндау үшін 1500-2000 аралығындағы сөздерді білу жеткілікті. Алайда, көп білгеніңіз өзіңізге жақсы. Айта кетейік, ағылшындардың өзі шамамен 12000-20000 аралығында сөз біледі, бұл оның біліміне, ортасына байланысты. Атақты Шекспир шығармаларында 30000 сөз қолданған.
Айтпақшы, сіз қазір осы мақаланы оқып отырғанда, әлемде 700 миллион адам ағылшын тілін үйрену үстінде. Ендеше, сіз де асығыңыз!
ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР
1. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады;
2. Қазақстан мен Ресей шекарасы –  әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара (7 512,8 шақырым);
3. Екібастұз ГРЭС-2 түтін мұржасы дүниедегі ең биік мұржа болып саналады;
4. Қазақстан әлемде уран өндіруден 2005-2006 жылдары үшінші, ал 2009 жылы бірінші орынға шықты (13 500 тонна);
5. Қазақстан Республикасы  жер көлемі жөнінен дүниеде тоғызыншы, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында бірінші орынды алады;
Бірінші ондыққа кіретін мемлекеттер:
1. Ресей
2. Канада
3. ҚХР
4. Америка Құрама Штаты
5. Бразилия
6. Австралия
7. Үндістан
8. Аргентина
9. Қазақстан
10. Судан
6. Қазақстан – қызғалдақ пен алма отаны;
7. Жылқы алғаш рет Қазақстан аймағында қолға үйретілген;
8. Медеу –  таудың ең биік бөктерінде орналасқан мұз айдыны;
Қазіргі уақытта Медеу қысқы спорт түрі  бойынша көлемі жағынан ең үлкен және ең биікте орналасқан  мұз алаңы болып саналады (10,5 мың м²). Таудың биік жартастары әлемдік рекордты жаңарту  үшін өте қолайлы жер. Медеу мұз айдынында 170 әлемдік рекорд орнатылған.
9. Жердің алғашқы  жасанды серігі (Спутник-1) мен бірінші ғарышкер адам Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.
10. Байқоңыр – әлемдегі  бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда табан тіреген.  Көлемі  6717  шаршы  шақырым.
11. Орыс тілінің «деньги» сөзі Қазақстан елінің қазіргі валютасы «теңге» сөзінен шыққан.
12. 1968 жылыақпанның жиырмасы күні  Қазақ ССР  теміржолы салмағы  43,4 мың тонна, ал ұзындығы  6,5 шақырым болатын  440 вагонымен  әлемдік рекордты жаңартқан.
13. Алматы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, онда ол   дүниежүзіндегі ең биігі болып есептеледі.
Алматы телемұнарасы 1978-1982 жылдар аралығына салынды. 1984 жылдан бастап қолданысқа берілген. Телемұнара 600 миллион рубльге (теңгеге шаққанда  2 879 400 000 болады) салынып, сейсмологиялық талаптарға сай өте берік етіп тұрғызылған.
14. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін  әр оқтың үшіншісі осы қазақстандық қорғасын өндіретін шеберханаларында жасалған. 
Дайындаған Б.Төребай
05 сәуір 2018 ж. 5 553 0