Жириновский Ресей құрамында болуы тиіс екі елді атады
Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский Беларусь пен Украина Ресей қарамағына өтіп, біртұтас мемлекет жасауы керек деген пікір айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.
– Ресей мен Беларусьті біріктіретін кез баяғыда келген. Алдымен кеден мен тарифтерден бастайық. Біз бір ел болсақ, Беларусь гүлденіп шыға келер еді. Адамдардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берейік, еуродан да мықты болатын біріңғай рубльді енгізейік. Бұл Украинаға да қатысты. Тарихқа үңілсек Ресей Ұлы Ресей және Кіші Ресейден тұрғанын көреміз. Екеуінің түбірінде де Русь жатыр. Тарихы тұрғыда біз бұрыннан бірге тұрдық. Тек соны қайта қалпына келтіруіміз қажет, – дейді депутат. Мұндай елде ұлттардың тілі сақталуы тиіс, тек қарым-қатынаста ортақ тілді қолданылу керек. – Адамдардың бостандығы шектелмеуі тиіс. Белорусь тілінде сөйлегісі келетіндерге де, украинша сөйлегісі келетіндерге де шектеу қойылмайды. Қажет десе, ұлттық газеттері, театрлары мен мектептері де сақталынсын. Бірақ ортақ бр тілде сөйлескен ыңғайлы болар еді. Кеңес үкіметі уақытында өзге ұлттар өзара орысша сөйлесетін. Мәселен, Абхазияда жиі болатынмын. Ондағы грузиндер, абхаздар, орыстар, эстондықтар мен армяндар орысша қарым-қатынас жасайтын. Енді бес тілді үйреніп жүрмейді ғой, – деді Жириновский. Сондай-ақ депутат ондай елде паспортқа ұлтты көрсету міндетті емес, тек "азамат" деп атаса жеткілікті екенін айтты.