Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қой, жас бұзау еті, филе: БҰҰ-ға жиналған президенттер нені сүйсініп жейді?

Қой, жас бұзау еті, филе: БҰҰ-ға жиналған президенттер нені сүйсініп жейді?

Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ-ның Бас ассамблеясына әр елден келген мемлекет басшыларына дайындалатын түскі асқа жауапты шеф-аспаз Дэн Лопес әр қыркүйекте осы үрдістің қайталанатынын айтады. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланды.
Дэн Лопестің сөзінше, осындай бір ланчтың өзі оның күнделікті жұмысынан да көп күш-жігерді талап етеді.
«170-190 мемлекет басшысына тамақ әзірлегеннен 4000 адамға ас әзірлеген оңай болатын сияқты. Әдетте онда айтарлықтай қауіпсіздік жағы ескерілмейді», - дейді аспаз.
Хаттама қызметінің тапсырмасына сүйенгендіктен түрлі дәстүр мен көзқарастағы мемлекет басшыларының көңілінен шығуға болады.
«Менің негізгі міндетім – бірнеше тіске басар, негізгі тағам мен десерттер әзірлеу. Хаттама қызметкерлері шарап пен басты тағамға дегустация жүргізіп, ланчқа не дайындайтынымызды шешеді», - дейді Лопес.
Негізгі мәзірден өзге аспаздар диеталық астарды да әзірлейді.
«Мұнда БҰҰ-да олар (лидерлер-ред) классикалық француз асханасын қолай көреді. Кезінде veal en papillote, chicken mousseline, фуа-гра дайындаған едік. Қой, жас бұзау етін, филе миньон жегенді жақсы көреді», - деді шеф-аспаз Дэн Лопес.
Қыркүйекте өтетін жиынға ас мәзірін құруға дайындық қаңтардан басталады. Маусымда үстелге қойылуы мүмкін тағамдар тізімі жасақталып, шілдеде нақты шешім шығады.
Тағам түрлерін дайындау шараға екі күн қалғанда басталады.
Атап өтерлігі, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас ассамбелясының 74-ші сессиясы өтуде. Сессияға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда.
https://aikyn.kz/world/6-qurl%C4%B1q/8857-qoy-gas-buzau-et%D1%96-file-buu-gha-ginalghan-prezidentter-nen%D1%96-sueys%D1%96n%D1%96p-geyd%D1%96/

25 қыркүйек 2019 ж. 723 0