Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылдам арықтаудың 8 тәсілі

Жылдам арықтаудың 8 тәсілі

Жаттығу мен диетасыз қалай арықтауға болады? Осы сұрақтың жауабын төмендегі 8 тәсілден білесіз
Күнделікті су нормасын ішіңіз
Жақсы денсаулық пен мінсәз мүсіннің, жақсы көңіл-күйдің кепілі су. Кейде қарыныңыздың ашатыны шөлдегеннен де болады.
  
Мерекелік отырыстарда көп тамақ ішпеңіз
Мерекелік отырыстарда ішіп-жейтін тамағыңыздың мөлшерін қадағалаңыз, шегін біліңіз. Мұндай отырыстарда шектен тыс көп ішкен тамақ денсаулыққа зиян.
  
Тамақ ішкен кезде көп сөйлеңіз
Түскі ас кезінде неғұрлым көп сөйлесеңіз, соғұрлым тез тоясыз.
  
Диеталық тағамдарға назар аудармаңыз
Калориясы төмен, майсыз тағамдардан еш пайда жоқ. Өйткені мұндай өнімдер химиялық өңдеуден өтеді, құрамында көмірсулар көп. Оларды дайындайтын компаниялар олардың құрамындағы майды алғанмен, қант, тұз бен басқа қоспалар қосады.
  
«Жаман» тағам болмайды
Тамақты «жақсы», «жаман» деп бөлген сайын оған тәуелділік арта түседі. Жеуге болмайды деген тамақты іздей бересіз. Сондықтан тамақты олай бөлмей, шегін білу керек.
  
Өз-өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз
Ағза аз демалған сайын, тамақты көп талап етеді. Ұйқы дене формасына әсер ететін бірден бір фактор. Себебі ұйықтаған кезде ағза энергия шығындамайды. Ал шамадан тыс көп жұмыс істеген кезде тамақты да көп іздейсіз.
  
Өз-өзіңізді жазғырмаңыз
Хот-дог пен чизбургер жеп қойсаңыз өз-өзіңізді жазғырмаңыз. Тек, өзіңізге енді бұлай қайталанбайды, келесі жолы артық жемеймін деп айтыңыз. Өз-өзін төмен бағалау тағы да тамақты көп тұтынуға алып келуі мүмкін.
  
Ас үйде тәжірибе жасаңыз
Егер дұрыс тамақтану айранмен, қарақұмықпен шектеледі десеңіз қателесесіз. Бүгін диетологтар түрлі рациондар ойлап тапқан. Соның ішіндегі тәтті рецептілерді алуға болады.
 reactor.inform.kz
02 сәуір 2018 ж. 3 118 0