Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның пайда болуының тағы бір жаңа себебі белгілі болды

Адамның пайда болуының тағы бір жаңа себебі белгілі болды

АҚШ-тағы Буффало универститетінің ғалымдары етті тұтыну және тамақ әзірлеу адамның эволюциясына септігін тигізді деп хабарлайды baq.kz
Мамандардың айтуынша, ежелгі адамдардың өздеріне тән тамақтану ерекшелігі Homo sapiens сілекейінің өзге маймылдардың сілекейінен өзгеше болуына алып келген. Оның басты ерекшелігі ол көбірек сулы және өзіне тән ақуыз құрамынан тұрады. Зерттеу барысында ғалымдар адамдар мен олардың ең жақын эволюциялық туысқандары – горилла мен шимпанзенің сілекейіндегі ақуыз құрамын салыстырды.
Белгілі болғандай, адамның сілекейі крахмалды жақсырақ ыдыратады және майды түрлендіре алады. Сонымен қатар ол крахмалды қантқа айналдыра алады және май алмасуға септігін тигізетін мырыш-альфа-2-гликопротеинге бай. Алайда адамдардың сілекейінде оны көпіршікті ететін латерин өте төмен.
Бұл айырмашылық маймылдардың өзекті көп тұтынатынымен және тамағын ұзақ шайнайтынымен түсіндіріледі. Ал, адамдар болса тамақтарын пісіріп жейді, осылайша шайнау процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар сулы сілекей құрғақ тамақты жұмсартады және жұту процесін жеңілдетеді.
Ғалымдардың пайымынша, бұл өз кезегінде аридті климатта ауыз қуысының ылғалдылығын қолайлы деңгейде сақтап, адамдардың өзара сөйлесуін дамытты.
18 қазан 2019 ж. 654 0