Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар адамның бет жүзіне қатысты жаңа деректер айтты

Ғалымдар адамның бет жүзіне қатысты жаңа деректер айтты

Жуырда Йорк (Канада) университетінің ғалымдары адамның бет-әлпетінің даму эволюциясы  қоршаған ортадағы әлеуметтік дағдыларды қажет етуіне байланысты екенін айтты. Бұл туралы Phys.org-тің баспасөз хабарламасында айтылған.
Зерттеушілердің пікірінше, адамдардың тірі қалуы үлкен әлеуметтік қатынастың пайда болуына байланысты. Осындай жағдайларда ымдап сөйлеу, ишарамен қарым-қатынас жасау  маңызды рөл атқарған. Бұл факторлар, адамның бет-пішініне де әсер еткен. Бүгінде адамдар 20-дан астам әртүрлі эмоциялар санаттарын білдіру мүмкіндігіне ие болса, бұрынғы адамдар мұндай эмоциялардан мақұрым болған екен.
Жойылып кеткен адамдарға қарағанда Homo sapiens-тер маңдайы жазық, бет-пішіні түрлі эмоцияларды білдіруге қабілетті болған. Жетілген адамдардың жүздері жалпыға ортақ сезімдерді айқын байқатуға мүмкіндік берді.

Адам бетінің қазіргі қалыпқа түсуіне тамақ әзірлеуді меңгергеннің де септігі болған, дейді ғалымдар. Бұның нәтижесінде олар ұзағырақ шайнау қажеттілігін азайтқан, бұл  өз кезегінде бет бұлшық еттерінің көлемін азайтуға әкелген.
Дайындаған: Наурызбек Сарша
«Қамшы» сілтейді

qamshy.kz
16 сәуір 2019 ж. 1 327 0