Әлемдегіеңең ең бай тұрғындары бар мемлекеттер қайсы?
Credit Suisse банкінің дайындаған әлемнің әл-ауқаты туралы Global Wealth Report жылдық есебінде Швейцария тұрғындары әлі де ең бай адамдардың көшін бастап тұр, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
2019 жылдың ортасына қарай Швейцария халқының бір адамға шаққандағы байлығы былтырғы жылмен салыстырғанда 17,8 мың долларға өсіп, биыл 564,7 мың долларға жетіп отыр. Сонымен қатар, зерттеу барысы ересек тұрғындардың үштен екісінің 100 мың доллардан астам активі бар және олардың 12 пайызы долларлық миллионер екендігін көрсетті.
Рейтингтегі екінші орынды АҚШ (адам басына 11,9 мың доллар) иеленіп, оның ізін Жапония (адам басына 9,2 мың доллар) және Нидерланды (адам басына 9,16 мың доллар) мемлекеттері жалғады.
Бұған дейін 21 қазанда Қытай бірінші рет АҚШ-ты ауқатты адамдардың саны бойынша басып озғанын хабарладық. Оған себеп - 10 пайызды құрайтын әлемнің ең бай тұрғындар қатарына Қытай елінің 99,9 миллион халқы, ал АҚШ-тың 98,8 миллион тұрғыны ғана кіргені болды. Ал Қазақстан бұл зерттеуге алынбаған көрінеді.