Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары көп табыс табады

Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары көп табыс табады

Қазақстанда Алматы облысының тұрғындары басқа өңірлердің еңбекке жарамды тұрғындарына қарағанда көп табыс табады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанда ересек тұрғындардың саны 12,1 млн адамды құрайды. Ал соның 162-і ел байлығының жартысынан көбіне иелік етіп отыр. Айталық, 11,7 млн адамның немесе елдің ересек тұрғындарының 96,6 пайызы жылына 10 мың долларға жетпейтін табыс тапса, 2,7 пайыз немесе 326 322 азаматтың жылына 10 мыңнан 100 мың долларға дейін табысы бар. Бір жылда 100 мыңнан 1 миллион долларға дейін табыс табатындардың саны 42 301 (0,35) адам. Ал 1 миллионнан 50 миллион долларға дейін табысы бар 5 838 (0,05) адам бар. Қазақстан байлығының 55 пайызын уысында ұстап отырған 162 адамның (0,001 пайыз) 112-сі жылына 50 миллионнан 80 млн долларға дейін, 45-і 80 миллионнан 800 млн долларға дейін, 5-еуі 2 миллиардтан 3 млрд долларға дейін табыс табады.
Осы жылдың 2-тоқсанында халықтың орташа ақшалай табысы 169,5 мың теңге болды. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға (153,7 мың теңге) көп. Өңірлік шекте Алматы тұрғындары барынша көп табыс табады – 234,9 мың теңге (бір жыл бұрын 218,8 мың теңге болған еді). Ал елордалықтардың орташа табысы 226,7 мың теңге (1 жыл бұрын 213,5 мың теңге) болса, Қарағанды облысы тұрғындарының табысы бір жылда 9,4 пайызға өсіп 199,7 мың теңгеге (бір жыл бұрын 182,6 мың теңге) жетіп отыр.
Тұрғындарының табысы мол ТОП-5 өңірге Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстары да кіріп отыр. Бұл өңірлердің тұрғындары тиісінше 198,4 мың және 191,7 мың теңге табыс табады. Еліміздің 8 өңірі тұрғындарының табысы орташа республикалық мәннен біршама төмен. Тұрғындарының табысы төмен өңірлердің қатарында Түркістан (100,4 мың теңге), Жамбыл (128,1 мың теңге) және Қызылорда облыстары (137,7 мың теңге) бар.
https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-kay-onirinin-turgyndary-kop-tabys-tabady_a3572062
04 қазан 2019 ж. 774 0