Геннадий ГоловкинГоловкин мен Мартиросян қанша табыс табатыны белгілі болды

"Сенбіге кепілдендірілген гонорар: Геннадий Головкин — 1 миллион доллар, Ванес Мартиросян — 225 мың доллар", — деп жазды Пагмайр твиттерде.
Бұдан бұрын осы басылым Головкин бұл жекпе-жектен тұтастай алғанда 2 миллион долларға жетер-жетпес қаржы табады деп жазған болатын. Ал USA Today қазақстандық боксшы 2-3 миллион доллар кіріс келтіреді деп болжады.
Головкин — Мартиросян жекпе-жегі 5 мамыр күні (Қазақстанда – 6 мамыр күні Астана уақытымен сағат 09:00) Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді.