Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде карантинге байланысты 830 мыңға жуық бизнес жұмысын тоқтатқан

Елімізде карантинге байланысты 830 мыңға жуық бизнес жұмысын тоқтатқан

Кәсіпкерлер infokazakhstan.kz сайтына кіру арқылы рұқсаттама алып, жұмысын бастауға мүмкіндік алады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
«Кеше Үкімет басшысының басқаруымен мемлекеттік комиссияның жұмысы болып өтті. Онда қабылданған ең басты шешім - карантиндік шараларды жұмсарту туралы болды», - дейді Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.
Оның айтуынша, 830 мыңға жуық бизнес осы күнге дейін жұмыс істемей тұрды.
«Бұл шамамен 1,3 млн адамға қатысты. Қабылданған шараларға байланысты 17 тамыздан бастап көп бизнес түрі жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Кәсіпкерлер жұмысқа шыққаннан кейін қандай жұмыс алгоритмі талап етіледі, осы туралы үш аптаға жуық бизнестің даярлық ассоциацияларымен талқыладық. 3-4 күнде шешім қабылданды. Ең бастысы - «Атамекен» ҰКП қолдауымен infokazakhstan.kz сайты іске қосылды. Жұмысқа шығатын кәсіпкерлер осы сайтқа тіркеліп, рұқсатнамасын алып, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар», - дейді ол.
14 тамыз 2020 ж. 453 0